Мешіт қызметкерлері жарылыс уақытында эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетуде

Мешіт қызметкерлері жарылыс уақытында эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әскери бөлімде болған жарылыс бір сәтте Тараз шаһарын дүр сілкіндіріп жіберді.

Ақшолақ және Үшбұлақ ауылдарының арасында орналасқан әскери ғимаратта тосыннан шыққан өрт салдарынан жақын орналасқан барлық аймақ сілкініп, бүкіл қазақ елін уайым басты.

Әскерилерге өз уақытында көмек көрсетіліп, әскери бөлімге жақын орналасқан ауыл тұрғындары эвакуациаланған болатын.

Осы орайда халыққа рухани демеуші болып жүрген имамдар да көмекке асықты.

Мешіт атынан эвакуацияланған тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырылып, қаржылай көмек көрсетілді.

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің 1-ші наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азизов және мешіт қызметкерлері қауіпті аймақтан көшірілген көпшілікпен жүздесіп, хал-ахуалдарын сұрап, сабырға шақырды.

Мұндай жағдайда сабар сақтаудың маңызын түсіндіріп, насихат айтты.

Дін мамандары қандай көмек болсын көрсетуге әзір екендерін жеткізіп, сын сағатта халықтың жанынан табыла кеткеніне тұрғындар шын разы.

Имамдар жарылыс алаңында жарақат алған әскерилерге "Алла жеңілдігін берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" - деп дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: