Жамбыл ауданының мешітке келуші ерікті жастарының ұйымдастыруымен Жуырда ғана Арыстағы ағайынға екі вагон шөп жұмылдырған Жамбыл ауданының жомарт жандары бүгінде сол қайырымды амалын қайта жалғастырды.
Бұл жолы ауданның ілкімді азаматтары мен кәсіпкерлері, шаруақожалық иелері мал азығы жұтан Маңғыстау өңіріне 1000-ға жуық түк шөпті вагонға тиеді.
Қазақтай қамқор, жанашыр халық әлемде біреу десек, артық айтқан болмас едім. Бұл сөзіме алда айтқан оқиға дәләл бола алады. Қазақтың қамын ойлаған қазақтың мәртеесі әрқашан биік болсын!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі