Жамбыл аудандық Орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Бекназарова Жайна Өрнек ауылы «Рәпілбек» мешітінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Діни сауатсыздықтың алдын–алу» тақырыбында кеңес өткізді.
Тұрғындарды ел жанашыры – дін жанашыры болуға шақырды. "Иә, діни білімсіздіктің алдын алу – кезек күттірмес мәселе. Ол үшін маман даярлау – ең басты мақсат. Дінтану мамандығын дайындау мәселесі жүйелі түрде өз шешімін тапса, онда дінге тағылған түрлі «айдарларға» да тосқауыл қойылады деп ойлаймыз" - дейді ұстаз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі