Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақат ауылының «Сүлеймен ата» мешітінің шәкірттері алғыс хатпен және кішігірім сыйлықпен марапатталды. Екі ай бұрын діни сауат ашу курсын бастаған шәкірттер Құран оқуды үйреніп, Құраннан бірнеше сүрелерді жаттап шықты. Шәкірттерді марапаттаудағы алғашқы мақсатымыз оларды діни білімге және қасиетті кітапқа деген махаббаттарын оятып оны көп оқуға ынталандыру болатын.
Марапаттауға аудан имамы Сұлтаншарип қажы арнайы барып қатысты. Балаларға деген ыстық лебізін білдіріп, дұға қылды.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі