#Т.Рысқұлов: Кітапханада діни кездесу өтті

#Т.Рысқұлов: Кітапханада діни кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылының кітапханасында ауыл имамымен «Дін - тәрбие діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға келген қонақтарға ауыл имамы Нұрдәулет мырза аталған тақырыпта лекция оқыды.

Имам лекция барысында ана сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді, ата дінімізді, игі салт дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, атадан балаға мирас болып келе жатқан, мол мұра асыл қазыналарымызды ардақтау – баршамыздың міндетіміз,- деді. "Ата-бабаларымыз ұлын мұсылмандық жолымен сүндеттеп, оларға тәлім-тәрбие беріп, "қыздарына қырық үйден тию" деген, шариғат жолынан ауытқымаған. Ислам дініне енді-енді бет бұрып келе жатқан жастарымыз басқа діннің ықпалында кетіп қалмауын қадағалауымыз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болу үшін, ел тірегі болар иманды, парасатты ұрпағымыз болсын. Кейінгі ұрпақ намысты, жігерлі болып өссін," - деп, ізгі тілегімен сөзін аяқтады.

Тузелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: