#Т.Рысқұлов: Аудан имамы орталық мешітте жамағатпен жүздесті

#Т.Рысқұлов: Аудан имамы орталық мешітте жамағатпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде жамағат жиналысы өтті. Жиналысты ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы жүргізді. Мешіт жамағаттары арасында орын алған оқиғалар мен аудандық орталық мешіттің жеке меншік болғаны себепті бас орданың басқа мешітке ауысуы немесе ауыспауы жөнінде сөз қозғалды.

Осы ұсыныс бойынша әр жамағат өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты. Кейбір жамағаттар аудандық мешіттің басқа мешітке ауысуына қарсы болмастан келісімін берген болса, кейбіреулері әртүрлі пікірлерді алға тартып қарсылық білдірді. Осылайша жамағат пікірлері екіге бөлінді. Алайда жамағаттың көбісі бас имамның ұсынысын қолдап, келісетіндерін айтты. Жиналыс соңында имам карантиннің күшеюіне байланысты карантиндік талаптарды сақтауға шақырды.

 Тұрар Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: