Жуырда ғана жауапты жұмысқа кіріскен Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Бахтияр Амантайұлы және «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы Шу қаласында орналасқан «Кәрібай молда» мешіті, «Әбубакр Сыддық» мешіті, «Айтқұл баба» мешіті, Қонаев ауылдық «Қонаев» мешіті, «Тоғай» мешіті және Жаңажол ауылы «Күнту баба» мешіттерінің тыныс тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмыстары барысында мешіттердің тазалығы, ішкі-сыртқы жағдайлары, атқарылған істердің жайымен танысып, шаруаларды ширату мақсатында тиісті тапсырмалар жүктеді.
Аталмыш мешіттерінің ахуалымен танысқан Бахтияр Амантайұлы мен Талғат Кәрібайұлы атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, алдағы уақыт еншісінде қолға алынуы қажет міндеттермен бөлісті.
Байжан Еиберді
Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі