Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылында Ерікті жастардың «қамқор» бағыты аясында еріктілердің ұйымдастыруымен, жалғыз басты анаға азық-түлік берілді.
Қайырымдылық - ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтініде рас.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі