Шу аудандық «Жәми» мешітінде имам-молдалардың қатысуымен алқалы жиын өтті. Аталған жиынды «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қала және ауыл мешіттерінің имамдары мен молдаларына ауданға жаңадан тағайындалған бас имам Бахтияр Амантайұлы Әміреевті, бас имамға қала және ауылдық мешіттердің имам-молдаларын таныстырудан бастады.
Ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы өзінің өмірбаянына толығымен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жайын талқылады. Атап айтқана, ҚМДБ-ның бастамасымен айқындалған 7 бағытты жандандыру туралы әңгіме өрбітіп, өз өңірімізде орналасқан Һибатулла Тарази медресесіне шәкірттер жіберу керектігі тілге тиек етілді.
Сонымен қатар, осы жиында жуырда ғана төтенше жағдайдың алдын алып, өртке оранған үйден адамды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсеткен Жаңажол ауылдық «Күнту баба» мешітінің имамы Берік Арқабайұлына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің алғыс хаты тапсырылып, сауапты істе жауаптылық танытқаны үшін, жылы лебіз білдірілді.
Жиын соңында талқыланған мәселелер тыянақты түрде атқарылуы тиіс деген тұжырымға келген дін қызметкерлеріне керекті тапсырмалар жүктеді.
Шара соңында дін мамандары көкейлерінде жүреген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Байжан Емберді
Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі