#Жамбыл: Ауыл әкімшілігіндегі кездесу

#Жамбыл: Ауыл әкімшілігіндегі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен  «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай кездесті. Тұрғындармен өткен кездесуде ауыл имамы «радикалды діни ағымдардың белгілері» турасында уағыз–насихат жұмыстарын жүргізді.

"Әрине, қоғам арасында радикалды ағым өкілдеріне тән белгілі көріністер бар. Яғни сыртқы формасына қарап басқа ағым өкілдері ғой деп жатамыз. Бұл көбінесе сақал, балақ, қара киім сияқты белгілерге қатысты. Дегенмен, қазіргі кезде радикалды топтардың арасында әртүрлі түсінікке қарай бөлінетін бірнеше топтар қалыптасқандығын назарға алатын болсақ барлығын аталмыш белгілеріне қарап тануға болады деп айта алмаймыз. Олай болса имандылық пен тақуалықтың мекені саналатн жүрек тазалығы барлығынан да маңызды екендігін назардан шығармайық!" - дейді маман.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: