#Жамбыл: Бесағаш мешітінде жастарға уағыз айтылды

#Жамбыл: Бесағаш мешітінде жастарға уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан мешітке келген жастарға «кішіпейілділік» турасында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мешітке келген ауыл жастары мешіт имамынан көтерілген тақырып аясында көптеген сұрақтар қойды. Жастардың сұрақтары жауапсыз қалмады.

"Кішіпейілділік дегеніміз -  жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі деп түсінгеніміз абзал" - дейді имам.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: