Жамбыл ауданы Жастар орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастармен арнайы кездесу өткізді. Кездесуде жастар арасында үлкен қызығулыққа ие «дін және дәстүр» турасында кеңінен уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.
Жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Дін мен дәстүр – қашанда бір–бірімен сабақтас ұғым. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор.
Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі