Аудандық "Байзақ баба" мешітінде әйелдер жамағатына "Ихсан - рухани тәрбие негізі" кітабы негізінде ихсан ілімі дәрістері басталды.
Игі бастама әйел кісілердің діни сауаттылығын, рухани құндылықтарды арттыру мақсатында қолға алынып отыр.
Дәрісті мешіт ұстазы Кушербаева Жанат жүргізеді. Әр аптаның дүйсенбі күні болатын сабаққа қатысамын деушілер мешіттен толық ақпарат ала алады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі