Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы құптан намазында мешітке келген жамағатқа мешіт тәртібін, сондай-ақ Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Шиналиев Байдилда қаулысына сәйкес карантин талаптарына байланысты жұма намазы оқылмайтындығын, мешітте жамағатпен намаз оқылмайтындығын түсіндірді.
Келген жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Әрине, тазалық иманның жартысы. Сондықтан біз тазалыққа жіті мән беруіміз керек. Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі