Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде жазғы сауат ашу курстары жалғасуда. Мешіттің найб имамы Серік Нұркелді осы балаларға арналған жазғы сауат ашу курсынан дәріс өтеді. Қазіргі таңда мешітте жиырмаға тарта бала ілім алуда.
Білім алу – бұл барлық мұсылман баласына парыз. Білім алудың артықшылықтары өте көп. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Сондықтан үнемі ізденіс үстінде жүрген жөн!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі