Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан қаласында Х Республикалық Құран сайысын өткізгелі отыр. Осыған байланысты Жамбыл облысы өкілдігі республикалық байқауға қатысатын үміткерлерді жолдау мақсатында іріктеу сайысын өткізді.
Іріктеу 4 номинация бойынша жүргізілді: Құранды толық жатқа оқу, Құранның 20 парасы, 10 парасын жатқа оқу және Құранды мәнерлеп оқу.
Төрелік еткен әділқазы алқасының құрамында Қордай Құран қарилар дайындау орталығының ұстазы Хусей Ахмед, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Амангелді Бірлік, "Һибатулла Тарази" мешіті жанындағы қарилар дайындау орталығының ұстазы Мырзагелді Иманәлі болды.
Оқ бойы оза шауып, 1 орынды иеленгендер республикалық сайысқа жолдама алды.
Атап айтсақ:
Құранды толық жатқа оқу:
1 орын - Паншаров Билаль
2 орын - Гейсыр Шамсудин
3 орын - Лиров Нұр-Мухаммад
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
1 орын - Абдусаттар Умайр
2 орын - Абдусаттар Имран
3 орын - Хантузов Хамза
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1 орын - Хурман Фазаиль
2 орын - Эмитаев Асадулло
3 орын - Келир Усман
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1 орын - Тахватулин Гумар
2 орын - Шахмерденұлы Асылжан
3 орын - Аманов Ернұр
Іріктеу сайысына 60-қа жуық үміткер қатысты. Ал бас жүлдеге 300 000 теңге, сондай-ақ басқа да орын иелеріне де қаржылай сыйлықттар табысталды. Айта кетейік, облыстық іріктеу сайысының жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге болатын.
"Һибатулла Тарази" мешітінің 1-наиб имамы Нұралы Бақытұлы жүлдегерлерді марапаттап, алдағы сын сағатта сүрінбей озып шығуды тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі