#Меркі ауданы: Мешіт қасынан«ДӘРІСХАНА» ашылды

#Меркі ауданы: Мешіт қасынан«ДӘРІСХАНА» ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) білім турасында: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», - деген. Тағы бір хадисінде: «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді», - дейді.

Осы мақсатта, Меркі ауданы, орталық «Меркі ата» мешіті имамдарының ұйымдастыруымен мешіт қасынан аудан тұрғындарының демеушілігімен арнайы діни білім беретін «ДӘРІСХАНА» бөлмесі ашылды. Дәрісхана заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталып, дәріс өткізуге дайын.

«Меркі ата» мешітінің қызметкерлері ұйымдастыруымен  ДСАК-ның (Діни сауат ашу курсы) 2020-2021 жылдарға арналған жаңа оқу маусымы басталады. Курс аясында білім алушыларға «Әліппе, тәжуид», «Ислам шарттары (хадис, сира, фиқһ)», «Иман шарттары (ақида)» пәндері бойынша сабақ беріледі.

Мешіт жанындағы сауат ашу курсына таңғы бөлім (09:00 – 11:30 аралығында) және кешкі бөлім (шам намазы мен құптан намазының аралығында) бойынша 10 жастан жоғары ұл-қыз балалар және ересектер (ерлер мен әйелдер) қабылданады.

Курсқа тіркелу үшін жеке куәлігінің көшірмесі болуы, жасөспірім балалар үшін ата-анасының өтініші міндетті.

Меркі ауданының бас имамы осы игі іске демеушілік көрсеткен барша азаматтарға өз алғысын білдіріп, екі дүние бақытын тілеп, олардың жанұясына, кәсіптеріне береке тілеп, дұға жасады.

Меркі ауданы, «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: