#ТАРАЗ: Жат ағыммен күрес бағыты насихатталды

#ТАРАЗ: Жат ағыммен күрес бағыты насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде жат ағыммен күрес бағыты насихатталды. Қонақта Ислами құқық ғылымдарының докторы, «Қазислам» ақпараттық-танымдық интернет порталының үйлестірушісі Бердалиев Исатай Тұрғалиұлы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Бесбаев Мади Әбзелбекұлы болды.

Арнайы шақырумен келген қонақтар «Жат ағым жетегінде кету-адасушылық», «Жастар-қоғамның болашағы», «Жат ағым мүшесімен қандай мәміле жасауға тиіспіз?» сынды тақырыптарда лекция жүргізді. Жиын соңы тыңдаушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына тәжірибелі мамандардан жауаптарын алды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: