Имамдар вакцина салдырды

Имамдар вакцина салдырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таралған індет әлі толастамай көшілікті дүрліктіруін жалғасуда. Қазіргі уақытта аурудың таралуының алдын алу үшін вакцина алу маңызды. 

Шариғатымыз да денсаулық мәселесінде "әр аурудың шипасы бар, емделіңдер" деп мұқияттылық танытуды талап етеді.

Мұны қолдап облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамдары мен мешіт істері қызметкері QAZVAK вакцинасын алды. 

Ал тілшілердің "Шариғатымыз екпеге қалай қарайды?" деген сауалына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің өзі жауап беріп, денсаулықтың аманат екенін, оны аялау керектігін аят, хадистермен жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: