Меркі ауданына қарасты Юбилейный ауылында 7 мыңнан аса халық тұрады. Соңғы жылдары тұрғын үйлер көптеп салынып, ерекше көркейіп келе жатқан ауылда бір де бір мешіт жоқ еді.
Меркі ауданының бас имамы Жанықұлов Нұрбек Қайсарұлы жалпы халыққа мешіт салудың сауабын былай деп жеткізді:
"Алланың жердегі үйі болатын мешіт – қастерлі орын, оның құрылысына қолдау көрсетіңіздер, мешіт құрылысына көмектескен адамның алар сауабы өте зор. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Аллаға сенгендер, ақиретке сенгендер Алла Тағаланың үйлерін көркейтеді» дейді. Бұл өте сауапты іс. Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға һижрат еткен кезде алғашқы жұмысын мешіт салумен бастаған. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кім де кім өмірінде бір мешіт соқса, Алла Тағала оған қияметте өзі соққан мешіт сияқты жәннатынан үй салып береді» - деген.
Осы мақсатта Юбилейный ауылында зәулім мешіт құрылысы жүріп жатыр. Халқымыз «Азанды ел азбас» деген, бүгін іргетасы қаланып отырған мешіт ғимараты халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болғай! – деді ауданның бас имамы Жанықұлов Нұрбек Қайсарұлы.
Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген адамдардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар атсалысып, мешіт қорына үлес қосуда.
Бас имам: "Бәрі қорға түсетін қаражатқа байланысты" -деп атап өтті. Сонымен қатар осындай игі іске атсалысып жатқан азаматтарға және ниет білдіріп жатқандарға Алла Тағала отбастарына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп жалпы халыққа ыстық лебізін білдірді.
Демеуші болам деген тұлғалар үшін:
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал аул.округы. Юбилейная аймағы, М. Жұмабаев көшесі, 1 үй.
Kaspi.kz 4400 4301 2569 2621
+77473265347 Ашир. И
+77768491300
+77007753901
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті