Бұлбұлдың арманы

Бұлбұлдың арманы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намруд деген залым патша Ибраһим алейһиссаламды отқа тастаған кезде бүкіл періштелер, жануарлар және құстар жылай бастады және айналасына жиналып, Ибраһим алейһиссаламға бір көмек берудің шарасын іздей бастады. Бұлардың ішінде кішкене ғана бұлбұлдың балапаны да бар еді. Өзін отқа тастайын деп тұрған мезетте Алла Тағала Жәбірейіл алейһиссаламға әмір етіп, былай бұйырды:  

–       Ол құсты ұста және қандай тілігі барын сұра.

Жәбірейіл алейһиссалам құсты ұстап, не қалайтынын сұрағанда:

–       Халилуллаһты отқа тастап жатыр. Оны құтқару қолымнан келмейтінін біліп тұрмын. Ең болмаса онымен бірге жанайын.

Жәбірейіл алейһиссалам құстың жауабын Алла Тағалаға айтқанында былай бұйырды:

–Ол құстың меннен қандай тілегі бар? Сонда әлгі бұлбұл тілегін былай білдірген екен:

– Менің дүниеде Алла Тағаланы зікір етуден басқа арманым жоқ. Мың бір аты бар деп естідім. Жүз бір есімін білемін. Тоғызжүз есімін де білгім келеді.

Хақ Тағала құстың тілегін орындайды. Қазір бау-бақшаларда сайрап жүрген бұлбұл Хақ Тағаланың есімін айтуда.

Намрудтың оты Ибраһим алейһиссаламға гүл бақшаға айналғанда бұлбұл келіп, гүл ағашына қонып, сайрай бастайды. Сол кезде қияметке дейін гүл ағашына ғашық болады.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: