#Жамбыл: Ауыл жастары мешіттің құрылысын жүргізуде

#Жамбыл: Ауыл жастары мешіттің құрылысын жүргізуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы барып, жамағатпен кездесіп, бесін намазында «Дін және дәстүр» жайында  уағыз айтты. 

Намаздан соң, ауылдың мектеп бітірген түлектері мешіттің ауласына брусчатка төсеп, мешіттің сыртқы жұмыстарын, мешіттің мұнарасын бояды.

Ауыл имамы Керимов Айтжан арнайы келген ауданның бас имамына атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Аудан имамы ауыл жастарының жұмыстарына сәттілік тілеп, өз ризашылығын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: