#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУДАНҒА ІС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУДАНҒА ІС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың тапсырмасы аясында Жамбыл облыстық "һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы "Зекет" қорының облыс бойынша өкілі  Ержан қажы Аманбаев Байзақ ауданына іс-сапармен келді.

Сапар барысы аудандық "Байзақ баба" мешітінде мешіт қызметкерлерімен жеті бағыт бойынша атқарылған іс - шаралардың есебі тыңдалып, мешіт қызметкерлерімен кездесті.

Аманбаев Ержан қажы: "ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Ислам діні түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған дін. Сол себепті жамағаттың ауызбіршілігін нығайту жат ағымдардың алдын алу, Ихсан ілімін кенінен насихаттап, уағыз -насихатты жиі айту, қайырымдылық іс-шараларын жиі ұйымдастырып, оны мұқтаждарға жеткізу, жастардың діни сауатын арттыру ҚМДБ-ның басты жұмыс жоспары екендігін ұмытпауымыз қажет" - деді.

Жиналыста "Һибатулла Тарази" медресе колледжіне шәкірт дайындау барысы да айтылып, нақты тапсырмалар аудан бас имамы Азизов Рамиз қажыға берілді.

Аудан бас имамы Азизов Рамиз қажы аудан мешітінде жазғы сауат ашу курсы болып жатқандығы, бес уақыт намаз бен жұма намаздарында жамағат карантин талаптарын сақтап құлшылық қылып жатыр, бесін және құптан намаздарының алдында уағыз-насихат жүйелі түрде айтылып жатыр, - деп жарты жылда атқарған іс - шараларының есебін берді.

Облыс найб имамы Аманбаев Ержан қажы атқарылған іс - шараларға он бағасын берді.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: