#БАЙЗАҚ: АУДАНДА ҚЫЗМЕТТІК ҮЙЛЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

#БАЙЗАҚ: АУДАНДА ҚЫЗМЕТТІК ҮЙЛЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың тапсырмасы аясында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы "Зекет" қорының облыс бойынша өкілі Аманбаев Ержан қажы Байзақ ауданына іс-сапары барысында жас дін мамандарына салынып жатқан қызметтік үйлерді аралап құрлысымен танысты.

 Байзақ ауданының бас имамы аудан бойынша 4 қызметтік үй жас мамандарға салынып жатқандығы, қызметтік үйдің екеуі берілуге дайын болып тұрғандығын баяндады.

 Аманбаев Ержан қажы: "Әрбір мешіт жанынан қызметтік үй бой көтерілуі тиіс. Себебі, бұл қызметтік үй уақыт талабы. Әрбір ҚМДБ қарамағында қызмет ететін дін маманның үйі мешіт жанынан болуы заман талабы. Имамның жамағатпен бірге болуы бес уақыт намазда болуы міндетті," - деді.

Жақында екі қызметтік пәтер пайдалануға берілетін болады. Болашақта ауданға қарасты барлық мешіттер қызметтік үймен қамтамасыз етілетін болады, - деді аудан бас имамы Азизов Рамиз қажы.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: