Жамбыл облысы бойынша бас имам Бейбіт Мырпзагелдиев тапсырмасы аясында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы "Зекет" қорының облыс бойынша өкілі Аманбаев Ержан қажы Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің тазалығын тексерді.
Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизов мешіттің ішкі және сырқы тазалығын көрсетті.
Аманбаев Ержан қажы: "Ислам діні тазалықты сүйеді. Мешіттердің карантин уақытында жиі дизенфекция жасау, жамағаттың мешітке маскамен кіріп намаз оқуы, арақашықтықтың сақталуы қауіпті індеттің алдын алу, - деді.
"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі