Бүгін Жаңатас қаласында аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің жеке құрамымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық мешіттің бас имамы Ғ. Қонақбаев қатысып, теріс ағымдардан келетін қауіп, олардың пайда болу себептері, тыйым салынған жат ағымдар жайында сөз қозғады.
Дана халқымыз «шымшық сойса да қасапшы сойсын» деп бекер айтпаған. Әр сала бойынша өз мамандарынан ақпарат алу керек деп сөзін жалғады. Дін саласынан да қандай да бір сұрақтар болса мешіт имамдарынан, ұстаздардан сұрап білген дұрыс болатынын айтты. Көбіне интернеттен мағлұмат алып жатамыз, бірақ желінің арғы басында кім отырғанын білмейміз ғой, сол себепті біз өз тағдырымызды өз қолымызбен белгісіз біреулердің қолына берген боламыз.
Кездесуге қатысушы басқа мамандар да өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұндай кездесулердің бүгінгі күндері өте маңызды екенін айтқан қатысушылар жиі кездесіп тұруға уәделесіп тарасты.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі