Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы Арай массивінде 5 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Осы құрылыстың жәй-жапсарымен танысу үшін ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншарип қажы Құрбан айт мейрамы қарсаңында арнайы барып, жұмыс барысын бақылап, құрбан шалып, дұға қылып, еңбектеріне береке тілеп қайтты. Имамға риза болған құрылысшылар рақмет айтып, алғыс білдірді.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі