Жамбыл ауданы Аудандық Ішкі саясат бөлімінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және «Әжелер алқасының» төрайымы Үміт апа аудан жастарымен кездесіп, насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, дін және дәстүр сөз болды. Қазақта «ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің» немесе «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген аталы сөздер бар. Расында, салтымызда жастарға қарата айтылған мұндай тәрбиелік мәні зор өнегелі сөздер баршылық. Ата-бабаларымыз мұндай өнегелі сөздермен жастарға: «Ата-ананың қадірін көзінің тірісінде біліңдер, оларға қалай қарасаңдар, ертең өз балаларыңнан да соны көресіңдер деп, тәлім-тәрбие берген. Жастар тәрбиелік мәні бар іс-шараға өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі