#Т.Рысқұлов: Мұқтаж отбасыға үй берілді

#Т.Рысқұлов: Мұқтаж отбасыға үй берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой кентінен «Жан жылуы» қайырымдылық қорының бастамасымен салынған жаңа үй Құлан ауылының тұрғыны Дария әпкемізге бұйырды.

Дария әпкенің 13 жастағы ДЦП ауруына шалдыққан мүгедек ұлы бар. Жұмыссыз, баспанасыз Дария әпкеміз ұлын кішкентай кезінен бастап өзі қарап, өзі бағып келеді. Бұл үй қайырымдылық қордың салған 5-інші баспанасы болатын. Одан алдын 4 үй салып, мұқтаж отбасыларға табысталған.

Қордың қызметшілері бұл үйді 5 айда салып бітірді. Үйді табыстау рәсіміне ауданның наиб имамы Түзелбеков Қуаныш барып, Дария әпкемізді құттықтап, қайырымдылық қордың жанашырларына разылық білдіріп, рақметін айтты.

 Қуаныш  Түзелбеков

Тұрар Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: