#Сарысу: Әйел ұстаздарға рухани семинар жүргізілді

#Сарысу: Әйел ұстаздарға рухани семинар жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесінің қарсаңында Жамбыл облысының қалалық, аудандық әйел ұстаздардының қатысуымен «УАҚЫТ ЖАРАТУШЫНЫҢ- СЫЙЫ» атты тақырыпта рухани семинар болып өтті.

Семинарда  Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Алдасаева Гүлжан сөз бастап, уақыт тақырыбында жамағатқа  уағыз айтты. Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Қолағұлова Жібек  «Әйел кісілердің күнделікті уақытын тиімді пайдалануы» туралы сөз қозғады. 

Жамбыл аудандық Бәйдібек мешітінің ұстазы Бекназарова Жайна «Уақыттың қадірі» тақырыбында, Жуалы аудандық Толыбектегі-Зиябек мешітінің ұстазы «Балаға дұрыс уақыт бөлу» тақырыптарын  Құран мен хадистен, ғұламалардың өмірінен насихат алып, жамағатқа жалпақ тілде түсіндіре білді. 

Бұл семинар ұстаздар үшін де жамағат үшін де пайдалы болды деп үміттенеміз.  Жиын соңында ұстаздар мен Сарысу мешіт жамағаты дастархан басында бас қосып, Құрбан айт мейрамын тойлады. Алла жолындағы қызметтеріңіз қабыл болсын. Әмин!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: