Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандостың ұйымдастыруымен аудандық кітапханада жастармен кездесу өтті.
Кездесуде «дін және дәстүр», «Қасиетті Құрбан айттың маңыздылығы» жөнінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Дінімізде бұл мерекенің алар орны айрықша. Өйткені, қасиетті Құрбан айт елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады. Асыл дінімізде дәріптелген діни дәстүр ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңіп, Ұлы дала төсіндегі ұлық мерекеге айналды.
Құрбандық – үлкен тарих, ұлы ғибадат. Құрбан айт мерекесі тарихының тамыры сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады. Құрбан шалу – пайғамбарлар атасы Ибраһимнің (ғ.с.) сүннеті. Алайда, құрбандық дəстүр кейінгі мұсылман үмбетке де мұра болып қалды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі