Жамбыл ауданы Аса ауылында «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен көпбалалы, асыраушысынан айрылған отбасына соғылып жатқан үйге ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және аудан әкімінің орынбасары Баққараев Олжас, ішкі саясат бөлімінің басшысы Самбетов Мадияр аралады.
Мешіттің ұйымдастырып жатқан жұмысы мен атсалысып жатқан демеушілерге ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтер» жобасы аясында жұмыс атқарып жатқанына аудан әкімінің орынбасары өз алғысын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі