Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешіттінің бас имамы Азизов Рамиз қажы Байзақ ауданың тұрғындарын құрбан айтпен құттықтады.
Құрбан айт намазы індеттің артыуына байланысты ауданның барлық мешіттерінде оқылмады.
Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизов және Талас ауылының имамы Сағымбаев Бақытбек Құрбан айттың алдын құрбандық шалынатын қасапханаларды тексеріп, құрбан айтқа байланысты жадынама қағаздарын ілдірді. Және қасапхана басшысына карантин талаптарының сақталуы антесептикпен масканың тұруы, арақашықтықтың сақталуы айтылды.
Құрбан айттың бірінші күні Байзақ ауданы бойынша 51 ірі қара 180 ұсақ мал сойылып, 2 070 мұқтаж отбасына ет таратылды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі