Юсуф (ғ.с.) пайғамбар

Юсуф (ғ.с.) пайғамбар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Юсуф пен бауыры Бунямин аналарынан айырылғаннан кейін әкелері хазіреті Яқуб (Жақып) оларға басқа ұлдарынан да көп көңіл бөле бастайды. Ағалары бұл хәлді көріп, қызғаныштан жарыла жаздайды.

Бір күні Юсуф ғажайып бір түс көреді. Түсінде он бір жұлдыз және ай мен күн оған сәжде етіп, бас иіп тұр екен. Оянған соң бұл түсті әкесіне айтып береді.

–Балам, мәртебең үстем болады екен. Мұндай шапағатқа Алланың нұры түскен адамдар ғана ие болады, – деп жорып берген әкесі хазіреті Яқуб бұл түсін ешкімге айтып қоймауын өтінді. Алда бір қастандық жасалар деп қауіптенген еді. Әкенің балаға деген ықыласы одан сайын арта түседі. Қалған ұлдары әкесінің махаббатын қызғанып, әзәзілдің азғыруымен Юсуфті өлтіруді ойластырады. Хазіреті Юсуфті қыдыруға алып шығу үшін әкелерінен рұхсат сұраған он аға, серуенге шығады. Бірақ бауырларын өлтіруге қимай құдықтың түбіне тастап кетуді ұйғарады. Керуеншілер құдыққа аялдамай өтпейтінін білетін олар Юсуфті бір құдыққа тастайды да көйлегіне қан жағып, үйлеріне қайтады. Үйге жақындағанда өтірік жылай бастады.

Яқуб (ғ.с.) пайғамбар мұны естіп: «Не болды? Юсуф қайда?» – деп сұрайды. Олар қанды көйлекті көрсетіп, «Жарысқан болатынбыз, Юсуф киімдерімізге қарап қалған болатын. Оны қасқыр жеп кетіпті» – дейді. Яқуб жылап, қанды көйлекті бетіне, көзіне сүртеді. Онда ешқандай жарақаттың жоқ екенін көріп, оны қасқыр жемегенін түсінеді.

Бұл арада жас Юсуф тасталған құдықтың қасына бір керуен келіп қонақтайды. Олардың бірі құдыққа шелек тастайды. Хазіреті Юсуф шелекке жабысып, сыртқа шығады. Керуендегілер оны көріп оны Мысырға апарып, құл базарына шығарады. Жүзінен нұр төгіліп тұрғандықтан барлығы оны сатып алғысы келеді. Оны Мысыр билеушісі Реянның қазынашысы Азиз сатып алады.

Азиздің әйелі Зылиха жас болатын. Хазіреті Юсуфтың көркемдігіне, жүзіндегі пайғамбарлық нұрға барлық адам таң қалатын. Бұл жағдай Зылиханың оған ғашық болуына себеп болады. Зылиха бір күні хазіреті Юсуфті қасына шақырады. Қанша сәнденсе де хазіреті Юсуф оған көңіл аудармайды. Ғашықтықтан нәпсісін ұстай алмаған Зылиха Юсуфтің көйлегінің артынан ұстап тартып қалғанда киіп жыртылады. Осы сәтте қазынашы Азиз болған оқиғаның үстінен келіп қалады. Зылиха мені масқаралап, зинаға шақырды, зорлық қылды» деп Юсуфты кінәлап, оны зынданға тастауды бұйырады. Азиз қазыларға барғанда көйлек артынан жыртылса, Зылиха кінәлі екенін айтады. Зылиханың кінәлі екенін біле тұра қазынашы ел аузына тарап кетуден қорқып, Юсуфті зынданға тастайды.

Өсек түбі тарамай қоймайды. Бір күні Зылиха бір топ әйелдерді қонаққа шақырып, жеміс туратып қояды. Және осы сәтте Юсуфті зынданнан алдырып, олардың алдарынан жүріп өтуді бұйырады. Хазіреті Юсуф өтіп бара жатқанда «аһ» ұрып, сұлулығана қайран қалған әйелдер жеміспен қоса саусақтарын да турап тастағандарын сезбей қалады. Зылиха өсекші әйелдерге шындықтың бетін ашып береді. «Расында да оны мен азғырдым. Сұлулығына телміріп, нәпсімді тыя алмадым» деп мойындайды.

Кейін Алланың әмірімен Юсуф зынданнан шығады. Сыртқы сұлулығымен ғана емес, екі есе ішкі сұлулығымен ерекшеленетін Юсуф (ғ.с.) пайғамбарымыз туралы қасиетті Құран Кәрімнің 12-ші «Юсуф» сүресінде айтылады. «Юсуф-Зылиха» жырында да бұл оқиға толық баяндалады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: