#Сарысу: Әйел-қыздар секторның жетекшісі Әжелер алқасымен жүздесті

#Сарысу: Әйел-қыздар секторның жетекшісі Әжелер алқасымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Сарысу  аудандық  Орталық  мешітінде «Әжелер алқасы» құрылды.  Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Алдасаева Гүлжан  Сарысу ауданына арнайы іс-сапармен келіп, Әжелер алқасының құрылу мақсатын түсіндірді.

Мәжіліс барысында сектор басшысы қоғамдағы мәселерді шешу бұл тек мешіт қызметкерелері мен ұстаздардың ғана емес барлық мұсылманның міндеті екенін жеткізді. Әжелер алқасы мүшелерін  келіндерге, өсіп келе жатқан жас қыздарға дұрыс бағыт беріп, қазіргі таңда ажырасудың азаюына үлес қосуға шақырды. 

Әжелер алқасының құрамына тек үлкен жастағы әжелер емес орта жастағы   қоғамдық жұмыстарға белсенді болып жүрген аналарда қосылды .  Жалпы әжелер    алқасының құрамы 10 адамнан тұрады.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: