Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасы – Отан тірегі» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аудан имамы атсалысқан ауыл жастарына ризашылығын білдірді. "Алла тағала отбасыларына береке нәсіп еткей," - деп батасын берді. 5 отбасыға жасалған азық-түлікке екі 200 000 теңге қаражат жұмсалған. Көмек алған отбасылар қайырымды жандарға өз алғыстарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі