#Шу ауданында имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті

#Шу ауданында имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауыл имам-молдалардың қатысуларымен жиналыс болып өтті.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы аталмыш жиында, Құрбан айт күніне байланысты атқарылу керек болған маңызды мәселелерді қозғады. Атап айтатын болсақ, көпшілік жүретін жолдарға баннерлер ілу, Құрбан малын соятын арнайы қасапхана дайындау, қайырымдылық науқанын өткізу, шама-шарқыға қарай спорт шараларын ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі кісілерге барынша қамқорлық танытып, еттерін үйлеріне жеткізу керектігін тапсырды.

Сонымен қатар, санитарлық шараларын сақтай отыра айт намазын мешіт ауласында оқу. Мешітке келген жамағат бетперде тағып келгенін қадағалап, намазда тұрғанда арақашықтық сақтау керектігін бұйырды.

 

                                                 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: