Жамбыл ауданы Аудандық жастар орталығында ауыл жастарымен орталық «Бәйдібек» мешітінің «Әжелер алқасының» төрайымы Үміт апамен кездесті.
Кездесуде әжелер төрайымы қыз балаларға үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу жайында айтты. Қырық жылдық ұстаздық қызмет атқарған Үміт апа өмірдің қиыншылығымен қатар жақсылығы қоса жүретінін, жастарды қиыншылыққа төзе білуге, сабырлы болуға шақырды.
Жастардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Әжейге өз алғыстарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі