Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала, аудан имамдарының қатысуымен жарты жылдық қорытынды жиналыс өтті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзегелдиевтың басшылығымен жасалған бас қосуда әуелі келе жатқан құрбан айт мерекесіне дайындық шаралары пысықталды. Ұлық мерекенің жүргізіл барысы, құрбандық шалуды ұйымдастыру, құрбан малының етін мұқтаждарға жекізу сынды мәселелер жеткізілді.
Облыс бас имамы Тараз қаласына тағайындалған Орынбасар Дәуренбековты аудан имамдарына таныстырып өтті.
Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша 6 айдың есебі сөз болып, уағыз-насихат, қайырымдылық, білім беру саласы, Әйел-қыздар секторы, БАҚ-пен жұмысы, мешіт істері мәселесі, қаржылық есеп бойынша жұмыс жүргізу қадағаланды.
Дін мамандары өз ұсыныстарын жеткізіп, жоспар мен жедел жүзеге асыруға арналған шешімдер қабылданды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі