Мойынқұм ауданы, Көкжелек ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барған аудан имамы Рысбай Асылбекұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ілім алудың пайдасы жөнінде насихат жүргізді.
Имам өз сөзінде: "Қазіргі өсіп келе жатқан жас балаларымыз көп уақытын интернет желісінде өткізіп жатқаны жасырын емес. Балаларымызды рухани тәлім-тәрбие беру үшін ғылыммен айналысуына жол ашуымыз қажет, сонда өскелең ұрпақ рухани тәрбиеде болады" - деді.
Имамға сұрақтар қойылып, халықтың қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
Мойынқұм тілшісі