Жамбыл ауданында мешіт жамағаттарымен мекеме ұжымдарымен командалық жарыс өтті.
Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің және аудан имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен іске асқан «Отбасы – Отан тірегі» атты аудандық турнирге 7 командалық мекеме ұжымдары қатысып, аудандық «Бәйдібек» мешітінің командасы 1 орынды жеңіп алды.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі