Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауыл имамдарымен кездескен ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіттерде, кездескен көпшілік жиындарда насихаттау керектігін айтты.
ІІІ республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы тәлімдік құжаты болып саналады. Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі