Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы, Айша-бибі ауылы, Бесағаш ауылын аралап, «Бесағаш» мешітіне аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы іс-сапармен барған болатын.
Бесін намазына келген жамағатқа аудан имамы «Қасиетті Құрбан айт» мейрамы турасында уағыз айтты. Имам өз сөзінде: "Мұсылман баласының асыға күтетін мейрамы - Құрбан айт. Дініміздегі құрбандық шалу шамасы жететін, жағдайы бар әрбір ақыл-есі дұрыс мұсылманға уәжіп болды. Алла тағаланың бізге берген мал-мүлік дүниесін кедей – міскіндерге қайырлы болып көмек жәрдем етіп, ахирет сауабын табайық" - деп атап өтті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі