Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендір ауыл әкімшілігі мамандарына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауыл имамы мамандарға халыққа қызмет көрсетіп отырғаннан кейін, көркем мінезде болуды және халықпен жақсы тіл табысуы керектігін алға тартты.
Көркем мінез - адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Имам мамандардың сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі