Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар құтпан намазының алдында мешітке келген жамағатқа «Конфессияаралық – дінаралық қатынастың қоғамдағы маңыздылығы» жөнінде кенінен насихат жүргізді.
Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар көп ғасырлар бойы кез келген қоғамдағы қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді. Қазақстан Республикасы түрлі ұлт пен дін өкілдерін біріктірген көп конфессиялы мемлекет болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері республиканың діни ахуалы біршама өзгерістерге ұшырады. Мешітке келген жамағаттың сұрақтарына ауыл имамы жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі