Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде ауыл тұрғындарымен облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев кездесіп, мешітке келуші жамағатқа Тараз қаласына жақын орналасқан жол бойында, көпшілікке қызмет жасап тұрған мешітке жағдай жасап, жастарға үлгі болып, ауыл қарияларын құрметтеуге шақырды.
Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидасының бірі осы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Ұрпақтарға ең үлкен тәрбиені де осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген. Үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет көрсету жалпы қазақта тәптіштеліп үйретуден емес, күнделікті тіршіліктен-ақ баланың бойына сіңіп кеткен сияқты. Өйткені тәрбие айтудан емес, көрсетумен ғана бойға сіңеді. Үлкен даналық жатқан бұл қағида шынында атадан балаға мирас болып келіп жатыр. Еш заңда жазылмаса да халықтың санасы мен тыныс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Қазақта қай істі бастасақ та осы қағиданы біліп-білмей ұстанамыз.
Айша-бибі ауылының тұрғындары арнайы іс-сапармен келген бас имамға өз алғыстарын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі