#Шу қаласы: РАДИКАЛДЫ ДІНИ АҒЫМДАР ИДЕОЛОГИЯСЫНА ҚАРСЫ ТҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

#Шу қаласы: РАДИКАЛДЫ ДІНИ АҒЫМДАР ИДЕОЛОГИЯСЫНА ҚАРСЫ ТҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу қалалық «Жәми мешітінің бас имамы құптан намазында «Радикалды діни ағымдар идеологиясына қарсы тұру мәселелері» тақырыбында насихат айтылды.

Уағызда: "Еліміздегі дін саласындағы көптеген күрделі мәселелердің бірі азаматтардың діни ұстанымдары мен түсініктерінің әртүрлі бағытта және деңгейде қалыптасуы. Бұның себебі, еліміз аумағындағы таралып отырған діни көзқарастар мен ағымдардың әртүрлі болуы.  Жалпылама мәліметтер бойынша әлемде 200-ге жуық діни бағыттар мен ағымдар бар. Олар, мазмұнына, діни дәстүрлері мен ұстанымдарының түрлеріне, діни институттарының күрделілігі және күнделікті өмірді реттеу деңгейіне байланысты ажыратылады. Сондықтан дінге және діни көзқарастарға сенетін адамдар арасында сенім дәрежесіне қарай әртүрлі деңгейлерге бөлінеді.

Қазірде ислам діні тұрғысынан бірнеше көзқарас қайшылықтарын байқауға болады. Олар: біріншіден,  халықтың салт-дәстүріне түсіністікпен қарайтын сунниттік исламның ханафиттік бағыты. Бұл сан ғасырлар халықтың мәдениеті мен салтына сіңген, сонымен қатар діни қажеттіліктерін де қамтамасыз ете білген сунниттік исламдағы төрт мазхабтың (бағыттың) бірі. Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталмыш бағыттың таралуы мен ұстанымына көңіл бөліп осы бағытта жұмыстар атқарады. Тіпті қазір «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда да осы бағыттың тарихи басымдығы туралы айтылып, бекітілген" - деп атап өтті имам.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: