Қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында «Туысқандық қарым қатынас» тақырыбында сөз қозғады.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін», – деп айтқан (имам Бұхари, имам Муслим). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туыстық қатынасты сақтауды Алла Тағала әрі Қиямет күніне иман етумен байланыстыруы, бұл амалдың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігін түсіндіріп өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.