Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында мешіт жолдың бойында орналасқандықтан, мешіттің жанынан жолаушыларға арналған арнайы бөлме ашылды.
Оған Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп, аралап, атсалысқан кәсіпкерлерге өз алғысын айтты. Әрдайым осылай жолаушыларға көмек көрсетуге дайын болу керектігін айтты.
Сонымен қатар, жолда қалған жолаушыларға арнайы демалатын орын мен мешіттен қызмет ету керектігін айтып, атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі