Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде асхана ашылды. Салтанатты жиынға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен ауыл тұрғындары, мешіт ақсақалдары қатысты.
Облыстың бас имамы мешіт асханасының құрылысына қол ұшын берген кәсіпкерлерге, ауыл тұрғындарына және жастарға өз алғысын білдірді.
Халқымызда: «Аллаға жағамын десең азанды бол, халыққа жағамын десең қазанды бол» - деген сөз бар. Мешіттің жанынан салынған қазаны көтеріліп, асы дайындалып тұратын асхананың ашылуы Аллаға да, халыққа да ұнамды іс екені баршамызға белгілі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі